Фото: коронавирус кесірінен көшелер босап қалаларда өмір тоқтаған

Кезінде миллиондаған жан құмырсқадай қабаттасқан қала көшелері бүгінде босап, өмір тоқтап қалған секілді жым-жылас
Қытайда коронавирустың кесірінен қалаларда карантин жарияланып адамдар үйден көшеге шығуға шошып қалған. Өйткені сәт сайын өлім саны артыуда. Кезінде миллиондаған жан құмырсқадай қабаттасқан қала көшелері бүгінде босап, өмір тоқтап қалған секілді жым-жылас. Шет мемлекеттердің дерлік 70 пайызға жуығы Қытаймен әуе және жер транспорты қатнауларын тоқтатқан. Тіпті ел ішіндегі қала аралық қатнауларғада тыйым салынып, жаңа жылдық демалыс мерзімі ұзайтылған. Соңғы дерек бойынша 490 адам коронавирустан көз жұмғаны айтылып, 892 жан осы дерттен сауығыпты. Ал ауруды жұқтырғандар 25 мыңға жақындаған.








