English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Формула-1 жүргізушісі Льюис Хэмилтонға рыцар атағы берілді
13:22 / 2021-12-16

Британ ханзадасы Чарльз Формула-1 жарысының жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтонға рыцар атағын берді. Салтанатты шара Виндзор қамалында өтті.

36 жасты Мерседес пилоты Формула-1 бойынша рыцар атағын алған төртінші спортшы. Бұған дейін Джеки Стюарт, Стирлинг Мосс, Джек Бребхэм және Williams жарыс командасының негізін салушылар Патрик Хид пен Фрэнк Уильямстар осы лайық деп табылған.

Осылайша жеті дүркін әлем чемпионының есімін атаған кезде «сэр Льюис Хэмилтон» деп айтылатын болды.

2020 жылдың желтоқсанында автоспортты дамытуға қосқан үлесі үшін Льюис Хэмилтон Британ империясының рыцар атағын алатыны белгілі болды. Ол өткен жылы аты аңызға айналған неміс жүгіруші Михаэль Шумахердің рекордын қайталап, жетінші рет Формула-1 чемпиондығын жеңіп алған кезде осындай жоғары құрметке лайық деп бағаланған.

Бірақ биылғы маусым ол үшін өте сәтті аяқталды деп айту қиын. Өйткені Хэмилтон Абу-Даби Гран-приінде Red Bull командасының нидерландылық жүгірушісі Макс Ферстаппен кейін екінші орын алды.