English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Формула 1: Льюис Хэмилтон Италия гран-присінде жеңіске жетті
07:41 / 2020-11-02

Мерседес командасының мүшесі Льюис Хэмилтон Италияда өткен Формула-1 жарысының 13-кезеңі - Эмилия-Румыния Гран-приінде жеңіске жетті


Мерседес командасының мүшесі Льюис Хэмилтон Италияда өткен Формула-1 жарысының 13-кезеңі - Эмилия-Румыния Гран-приінде жеңіске жетті. Бұл британдықтың жарыс жолындағы 93-ші жеңіс болды.

Имоладағы автодромда өткен жарыста Мерседес командасының тағы бір мүшесі Вальттери Боттас екінші орынды иелеген болса, «Рено» жүргізушісі Даниэль Риккиардо финишке үшінші болып келді.

Мерседес командасы Льюис Хэмилтон мен Вальтери Боттастың жоғары нәтижелерінің арқасында Конструкторлар кубогында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл команданың қатарынан ұтқан жетінші жеңісі.

Қазіргі кезде Хэмилтон 282 ұпаймен жалпы есепте көшбасшылықты сақтап қалып, 7-ші чемпиондыққа жақын тұр. Боттас 197 ұпаймен екінші, Макс Ферстаппен 162 ұпаймен үшінші орында келеді.

Маусымның аяқталуына тағыда 4 тур қалды. Жарыстың келесі кезеңі Түркияда 12-15 қараша аралығында өтеді.