English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Формула-1 бойынша төрт дүркін Әлем чемпионы Себастьян Феттель мансабын аяқтады
12:24 / 2022-11-22

Германиялық төрт дүркін Әлем чемпионы Себастьян Феттель формула-1 бойынша соңғы жарысын Абу-Дабиде өткізді.

Абу-Даби Гран-приінде Феттель финишке 10-шы болып келді.

35 жастағы спортшы формула-1 Гран-приіне 299 қатысып, 52 жарыста жеңіске жеткен.  122 рет жеңіс тұғырына көтерілген.

Абу-Дабидегі жарыстан кейін ол «Aston Martin» командасына алғысын білдірді. Дәл сол жерде ол 2010 жылы 23 жасында Формула-1 бойынша ең жас әлем чемпионы атанған болатын.

Феттель 2007 жылы «BMW-Заубер» тобында дебют жасаған. Содан кейін ол «Toro Rosso», «Red Bull», «Ferrari» және «Aston Martin» командаларында өнер көрсетті. Екі жыл бұрын ол 2020 жылғы Формула-1 маусымының 14-ші жарысы – Түркия Гран-приінде үшінші орын алған болатын.