English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Fly Egypt ұшағы Ташкенттің орталығы арқылы ережеге қайшы түрде ұшып өтті
16:30 / 2021-05-27

Мысыр елінің Fly Egypt ұшағы Ташкенттің орталығы арқылы ережеге қайшы түрде ұшып өтті. Осы авиациялық оқиға бойынша комиссия құрылды.

Өзбекстан Көлік министрлігі Египеттің Fly Egypt авиакомпаниясының қатысуымен болған ұшақ әуеоқиғасына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

26 мамырда Ташкент-Каир бағытында FEG 1402 рейсті орындаған Fly Egypt әуе компаниясына тиесілі реттік нөмері SU TMG болған Boeing-737 әуе кемесі экипажы Ташкент әуежайынан ұшу кезінде қате маневр жасаған.

AviaSpotter телеграм арнасының хабарлауынша, Fly Egypt ұшағы Ташкенттің орталығынан ережеге қайшы түрде ұшқан. Нақтылай айтқанда Египет ұшағы Ташкент орталығынан рұқсат берілмеген бұрылысты орындаған.

Көлік министрлігінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, осы жағдайға байланысты Министрлер Кабинеті бекіткен 2000 жылғы 27 желтоқсандағы №505 қаулысымен «Өзбекстан Республикасында азаматтық авиациямен болған апаттарды және инциденттерді тергеу ережелеріне» орай әуеоқиғасына қатысты тергеу жөніндегі комиссия құрылды.

Қазіргі кезде комиссия құрамы жағдайдың қалай түс алғанын тексеріп жатқаны айтылған, министрлік хабарламасында.