Флоренцияда Өзбекстанның Италиядағы алғашқы мәдени орталығы ашылды

Италияда алғаш ашылған бұл орталық Өзбекстан Республикасының Құрметті консулдығының жедел штабы орналасқан жаңа Ла Леопольдина ғимаратының қасында орналасқан.
«Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, итальяндық Giornale Diplomatico онлайн газетінде Өзбекстанның мәдени орталығының ашылуы туралы мақала жарияланған.
«Мәдени орталық XV ғасырда өмір сүрген ұлы өзбек ғалымы және астрономы Мырза Ұлықбектің есімімен аталады. Орталықтың ашылу салтанатына Өзбекстанның Италиядағы елшісі Атабек Акбаров, «Ватандошлар» қоғамдық қорының өкілдері, үкіметтің бұрынғы өкілі Тициана Нисини, Флоренция муниципалитетінің өкілі, кеңесші Беттарини қатысты, деп жазған интернет-басылым.
Мақалада бұл орталықты ашу идеясы директор Камила Қырғызова мен Өзбекстанның құрметті консулы Леонардо Комуччилердің ортақ ойлары болғаны айтылады.