
ФИФА 2023 жылдың үздік ойыншысы, бапкері және қақпашысына берілетін The Best жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады.
ФИФА-ның «Жыл ойыншысы» жүлдесі үшін 12 ойыншы енген.
Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»), Хвича Кварацхелия («Наполи»), Эрлинг Холланд («Манчестер Сити»), Хулиан Альварес («Манчестер Сити»), Илкай Гундоган («Барселона»), Родри («Манчестер Сити»), Лионель Месси («Интер Майами»), Виктор Осимхен («Наполи»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Деклан Райс («Вест Хэм»/«Арсенал») , Марцело Брозович («Интер», «Ан-Наср») сынды футболшылар орын алды.
Үміткерлер тізімін жасау кезінде 2022 жылдың 19 желтоқсаны мен 2023 жылдың 20 тамызы аралығындағы ойыншылардың нәтижелері ескерілген.
Жылдың ең үздік қақпашысына берілетін The Best сыйлығына үміткер ретінде Яссин Буну (Марокко, «Севилья»/«Аль-Хилал»), Тибо Куртуа (Бельгия, «Реал»), Эдерсон (Бразилия, «Манчестер Сити»), Андре Онана (Камерун, «Интер»/«Манчестер Юнайтед») және Марк-Андре тер Штеген (Германия, «Барселона») қақпашылар орын алды.

2023 жылғы үздік бапкер жүлдесіне Пеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Симоне Индзаги («Интер»), Энже Постекоглу («Селтик»/«Тоттенхэм»), Лучано Спалетти («Наполи») және Хави («Барселона») үміткерлер қатарында бар.
