English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ферғанадан Сухқа шғын әуе көлігінің қатынауы жолға қойылатын болды
11:18 / 2020-08-09

Өзбекстан Президенті Сух ауданына тиісті қаулыға қол қойды


Ферғана қаласынан Сух ауданына шағын ұшақтар (тікұшақ пен ұшақ) тұрақты қатынауы жолға қойылады. Бұл жөнінде Өзбекстан Президенті тиісті қаулыға қол қойды.

Қаулыға сай, Көлік министрлігі Қырғыз Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мәселесі толық шешілгеннен кейін бір аптаның ішінде Ферғанадан Сух ауданына кіші әуе көлігімен арзан бағада тұрақты рейстердің ашылуын қамтамасыз етуі керек, - делінген.

Осыған орай Ферғана облысы әкімшілігіне бір ай ішінде Сух ауданында ұшақ пен тікұшақтардың ұшу-қону жолағын құру тапсырылып, Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне Қырғызстанның әуе кеңістігін пайдалану мәселесін шешу міндеті қойылды.