Еуроодақ Украина, Грузия және Молдованың одаққа мүшелігіне өтініштерін қарауды бастады

Еуропалық Одақ Украина, Грузия және Молдованың одаққа мүше болу туралы өтініштерін қарауды бастады.
France-Presse басылымының дерегінше, Еурокомиссия осыған байланысты ресми қорытынды дайындайды және ЕО-ға мүше 27 мемлекет өзінің осы елдер бойынша шешімін жариялайды.
28 ақпанда Украина Президенті Володимир Зеленки елдің Еуропалық Одақ мүшелігіне кіру туралы хатқа қол қойды.
3 наурызда Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвили ЕО-ға кіру туралы өтінішке қол қойды.
Грузия мен Украинадан кейін Молдова да ЕО-ға қосылғысы келетінін мәлімдеп өтініш хатын тапсырды.