English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЕҚДБ-ның жылдық жиналысы биыл Самарқандта өтеді
11:05 / 2023-02-01

Еуропалық қайта құру және даму банкі Директорлар кеңесінің 32-жылдық отырысы биыл 16-18 мамыр аралығында Самарқанд қаласында өтеді.

Осынау алқалы жиынды өткізу туралы Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінде Еуропалық қайта құру және даму банкімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 

Қол қойылған құжат банкке мүше 73 елден 1500-ден астам қонақ қатысатын EҚДБ жыл сайынғы отырысы мен бизнес-форумына дайындық бойынша әрбір тараптың нақты ұйымдастырушылық міндеттерін айқындайды.

Шараның басты тақырыбы экономиканың тұрақтылығына инвестиция салу болмақ. Конференция барысында банкке мүше елдер тап болған проблемаларды жою шараларын әзірлеуге бағытталған талқылаулар өткізу жоспарлануда. 

Бизнес-форумда сарапшылардың қатысуымен макроэкономикалық жағдай, жеке сектор мен мемлекеттің жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы рөлі, өңіраралық байланыстар, экономикалық интеграция, азық-түлік қауіпсіздігі, цифрландыру және басқа да көптеген мәселелер талқылануы көзделген.

ЕҚДБ отырысын Самарқандта өткізуге өтінімді Өзбекстан 2019 жылы берген.