English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЕО су тасқынынан зардап шеккен Словенияға 400 миллион еуро бөлуге уәде берді
16:14 / 2023-08-10

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен сәрсенбіде Словенияға қатты су тасқынынан зардап шеккендерді қалпына келтіру үшін 400 миллион еуро бөлетінін мәлімдеді.

Interfax мәліметінше, Еуропа комиссиясының төрағасы Словенияға сапары кезінде ЕО Ынтымақтастық қорынан биыл 100 миллион еуро, келесі жылы тағы 300 миллион еуро бөлінетінін айтқан.

«Елді қалпына келтіру үшін үлкен көлемде инвестиция қажет. Словения Еуропаға сенсе болады», - деген фон дер Ляйен.

Демалыс күндері Словенияда толассыз жауған жаңбыр су тасқынын тудырды. Брюссель осыған байланысты халыққа көмек көрсету үшін ЕО азаматтық қорғау механизмін іске қосты.

Ел билігі бұл су тасқыны соңғы 30 жылдағы ең алапат апат болды, 20 мыңнан астам адам жарықсыз, мыңдаған адам ауыз сусыз қалды деп мәлімдеді. Премьер-министр Роберт Голоб жол және энергетикалық инфрақұрылымға, жүздеген тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға келтірілген залал 500 миллион еуродан асатынын айтты.