English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Элдор Шомуродов Өзбекстанның ең қымбат футболшысына айналды
13:01 / 2019-12-24

«Transfermarkt» порталы футболшының соңғы трансферлік бағасын жариялады


Ресейдің «Ростов» клубында ойын көрсетуші өзбекстандық аладоп шебері Элдор Шомуродовтың трасферлік бағасы «Transfermarkt» порталында 6,5 млн. еуроға бағалануда.

Бүгінде 24 жасты қарсылаған Сұрхандариялық шабуылшы Ресей Премьер-лигасының сұрмергендер қатарында Артем Дзюбадан кейін 19-турлық ойындар кестесі бойынша 10 гол соғып екінші орында келеді. Шомуродов өзіндік ерекше ойынымен көзге түскендігінің арқасында Fox Sport Asia басылымы тағайындаған 2019 жылдағы Азияның үздік футболшысы номинациясына енген 24 футболшылар қатарынан орын алып «Тоттенхэмдік» Сон Хин Мин, «Гуанчжоу Эвергранд» клубы жартылай қорғаушысы бразилиялық Паулиньо сынды мықтылармен таласқа түсуде.

Қазірде Элдордың ойындары Европаның Лион, Севилья клубтарында қызығыс оятқан. Осыған дейін Шомуродовқа Мәскеудің «ЦСКА» клубы 5 млн. еуродан астам баға ұсынған болатын. «Ростов» клубымен шабуылшының келісім-шарты 2024 жылға дейін жасалған болып, бірақта Шомуродов Ресейдің үздік клубтары немесе күшті бестік чемпионаттарының бірінен ұсыныс түссе «мен екінші нұсқаны таңдаушы едім», деген.

Элдор Шомуродов Өзбекстан ұлттық құрамасы сапындағы ойындары барысында 2022 жылдағы Қатарда өтетін ӘЧ-ның іріктеу кезеңінде 6 гол соғып Азиялық сұрмергендер қатарында үшінші орынға жайғасқан.