Дзюдодан Нидерланды құрамасы Бакудегі турнирге бармайды

Нидерланд дзюдошылары Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қауіпсіздік мақсатында Бакуде өтетін «Үлкен дулыға» турниріне бармайды.
Нидерландының дзюдо қауымдастығы (JBN) өз спортшыларын Бакуге жібермеу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Турнирге 15 голландиялық дзюдошы келеді деп күтілген болатын.
«Шешім тек қауіпсіздік мақсатында қабылданды. Баку (эскалация) орын алған жерден 300 шақырым жерде орналасқанымен, жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз. Біз ол жерде қауіпсіз бола аламыз ба, жоқ па білмейміз», - деп келтіреді телекомпания.
Әзірбайжан астанасындағы «Үлкен дулыға» турнирі 22-24 қыркүйекте өтеді.