ДСҰ пандемия мерзімін тағы үш айға ұзарту туралы шешім қабылдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Төтенше комитетінің 14-ші отырысында коронавирустық пандемия мерзімін тағы үш айға ұзарту туралы шешім қабылданды.
Комитет мүшелері COVID-19-дан өлім-жітімнің басқа респираторлық ауруларға қарағанда жоғары екеніне алаңдаушылық білдірген. Сонымен қатар, табысы төмен және орташа елдерде бұл ауруға қарсы вакцина қоры жеткіліксіз.
Сарапшылардың пікірінше, бүкіл әлемде жаппай иммунитеттің қалыптасуы инфекцияны ауыздықтауға көмектеседі. Алайда, коронавирус болашақта адамдар мен жануарларда тұрақты патогенге айналуы мүмкін.