English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дэвис кубогы: Өзбекстан құрамасы АҚШ теннисшілерінен жеңілді
12:56 / 2023-02-06

3-4 ақпан күндері Ташкент қаласында Дэвис кубогының іріктеу кезеңі өтті.

Онда Өзбекстан құрамасының теннисшілері АҚШ-пен күш сынасып, 0:4 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Жарыстың бірінші күні кортқа Сергей Фомин мен Маккензи Макдональд шықты. Кездесу 2:0 (6:4, 6:1) есебімен америкалық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Содан кейін Хумаюн Султанов қарсыласы Томми Полдан 0:2 (1:6, 6:7) есебімен ұтылды.

Жарыстың екінші күніде өзбекстандық теннисшілер үшін сәтсіз аяқталды. Санжар Файзиев пен Сергей Фомин Остин Крайчек/Раджив Рамнан тандемінен 0:2 (2:6, 4:6), ал Амир Милушев Денис Кудладан 0:2 (4:6, 4:6) есебімен жеңілді.

Осылайша АҚШ теннисшілері қыркүйекте өтетін Дэвис кубогының 1/16 финалына жолдама алды.