Депутаттық сайлауға қайта дауыс беру басталды

2019 жыл 22 желтоқсанда өткен Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісінің Заң палатасы және халық Кеңесі депутаттығына сайлаулар нәтижесі бойынша республикалық 25 дауыс беру округнде қайта сайлау өтуі жайлы ОСК-ның қарары шыққан болатын. Өйткені атаулы округтерде дауыс беру көрсеткіші Сайлау кодексінің белгіленген тәртібіне сай болмаған.
ОСК-ның шешіміне орай қайта сайлау мерзімі 2020 жыл 5 қаңтарға белгіленіп, бүгін таңертеңнен бастап дауыс беру уақыты басталды.
Еске сала келсек, 22 желтоқсанда өткен сайлау нәтижесі бойынша ең көп дауыс жиған Өзбекстан Либералды-демократиялық партиясы болып, олар ұсынған кандидаттың 43 Заң палатасына депутат болып парламетте басымдыққа ие болған еді.