
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда демалыс күндері жаңбыр жауады.
20 наурызда Кавказ аспанында қалыптасқан ылғалды және салқын ауа массалары Каспий теңізі арқылы Өзбекстанның барлық аймақтарына енеді. Бірнеше аудандарда жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты нөсер төгеді. Тек Қарақалпақстанда, Хорезм облысында және Ферғана аңғарында жауын-шашын болмайды. Температура 10-15 градусқа дейін төмендейді.
Мереке күні 21 наурызда, Ферғана аңғарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Елдің қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде, тек Қарақалпақстанда, Хорезм облысыныың кей аймақтарында, аздап жаңбыр жаууы мүмкін, ал Ташкент облысында түнде және таңертең ғана жаңбыр жауын жауады.
22 наурызда республиканың барлық аймақтарында (солтүстік облыстардан басқа) ауа-райы жылы және құрғақ болады. 21-22 наурызда ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтеріледі.