English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының жеребесі тартылды
17:48 / 2021-03-19

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының ширек финалы мен жартылай финалына жеребе тартылды.

Жеребе нәтижесіне орай өткен маусым турнир финалында кездескен «Бавария» мен «ПСЖ» осы маусымда ширек финал ойындарында тағыда күш сынасатын болса, 2017/18 маусым финалындағы «Реал» мен «Ливерпуль» клубтарыда қайта кездесетін болды.

Сондай-ақ, «Порту» «Челсиге» қарсы ойнайды, «Манчестер Сити» «Боруссия Дортмунд» пен кездеседі.

Жартылай финалда «Бавария» / «ПСЖ», «Манчестер Сити» / «Боруссия Дортмунд»  жұбының жеңімпаздары кездессе, «Реал Мадрид» / «Ливерпуль» және «Порту / Челси» командаларының жеңімпаздары ойнайтын болады.

Ширек финал ойындары 6-7 және 13-14 сәуір күндері өтсе, жартылай финалдық матчтар 27-28 сәуір және 4-5 мамырға белгіленген.

Маусымның финал кездесуі 29 мамыр Стамбул қаласындағы «Ататүрік» алаңында өтеді.

Еуропа Лигасының ширек финалы мен жартылай финалы жеребесіне орай: 

«Гранада» - «Манчестер Юнайтед»

«Арсенал» - «Славия» 

«Аякс» – «Рома» 

«Динамо Загреб» – «Вильярреал»

1/2 финал ойындарының жеребесі бойынша:

«Гранада» / «Манчестер Юнайтед» - «Аякс» / «Рома», «Динамо Загреб» / «Вильярреал» - «Арсенал» / «Славия» жұбының жеңімпаздары кездеседі.

Ширек финалдық кездесулер 8 сәуір мен 15 сәуірде өтсе, жартылай финалдық кездесулер 29 сәуір мен 6 мамырға жоспарланған.

Финал 26 мамырда Польшадағы «Гданьск» аренасында өтеді.