English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бразилиядағы президент сайлауында Лула да Сильва жеңіске жетті
09:33 / 2022-10-31

Жексенбі, 30 қазанда өткен президенттік сайлаудың екінші турында Бразилияның бұрынғы президенті, солшылдар партиясының өкілі Луис Инасиу Лула да Сильва жеңіске жетті.

Deutsche Welle порталының хабарлауынша, Лула 50,87 пайыз дауыс жинаған. Оның қарсыласы, қазіргі мемлекет басшысы, оңшыл популист Жайр Болсонаро сайлаушылардың 49,13 пайызы қолдау білдірген. 

Луис Инасио Лула да Силва 2003-2010 жылдар аралығында Бразилияның президенті болған. Кейін ол жемқорлық үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ Жоғарғы сот үкімнің күшін жойып, қайта сайлауға түсуге рұқсат берді.

Латын Америкасындағы ең үлкен ел Бразилияда 156 миллионнан астам адам дауыс беру құқығына ие болып, сайлауда 118 миллионға жуық азамат дауыс берген.