Бразилия туристерден COVID сертификатын талап етпейтін болды

Бразилияның денсаулық сақтау министрі Марсело Кейрога елге келген шетелдіктерден COVID-19 вакцинациясының сертификаттарын талап етпейтінін айтты.
AFP басылымының дерегінше, бұл жеңілдік Бразилияға тек туристік мақсатпен келгендерге ғана қатысты.
Бразилия вакцина алмаған шетелдіктерден өзін-өзі оқшаулауды қамтамасыз ететін бес күндік карантиннен өтуді талап етеді. Осы кезеңнен кейін ПТР-сынамасы теріс болған туристер «ұлы Бразилияның сұлулығынан ләззат алатын болады», - деген Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Соңғы уақытқа дейін шетелдіктер үшін Бразидияда талап етілетін жалғыз талап елге кіру кезінде теріс ПТР сынағы болатын.