Бір тәулікте тағы 47 азаматта коронавирус індеті анықталды

Қазіргі уақытта ауруханада 865 науқас ем қабылдауда
Өзбекстанда 1 мамыр тәуліктік көрсеткіш бойынша тағы 47 науқас тіркелді.
ДСМ-нің хабарлауынша 1 мамыр кешкі сағат 23:00 уақытымен ел аумағында 47 коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, жалпы науқастар саны 2086 кісіге жеткен. Сондай-ақ аурудан сауыққандардың жалпы саны 1212-ға жетіп, бүгінге дейін қаза болғандық 9 жағдай расталған. Қазіргі уақытта ауруханада 865 науқас ем қабылдауда.
Еске сала кетсек, Өзбекстанда коронавирустық індетінің алғашқы жағдайы 15 наурыз күні Ташкентте тіркеліп, ел аумағындағы барлық ауқымды шаралар мен салтанатты кештер тоқтатылды. Республикалық арнайы комиссияның шешімі мен 30 сәуірден бастап ел аумағындағы жарияланған карантинді біртіндеп жеңілдету шаралары орын алған болып онда азаматтар күннің белгілі бір мерзімінде өз көлік құралдарынан пайдалануына мүмкіндік берілді.