Бүгін – Өзбекстан Республикасы Конституциясы күні

Бүгін – 8 желтоқсан Өзбекстан Республикасы Конституциясы қабылданған күн. Биыл оған 29 жыл толды.
Өзбекстанның дербес ел ретінде Ата Заңы 1992 жылы 8 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесінде қабылданды. Ол Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстік әлемнің 97 елінің озық конституциялық тәжірибесіне негізделген.
Конституция мемлекет пен қоғамның дамуының демократиялық принциптерін белгілейді. Елде Конституция қабылданған күн жалпы халықтық мереке және демалыс күні болып жарияланған.