English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін - Халықаралық азаматтық авиация күні
12:34 / 2021-12-07

Бүгін - Халықаралық азаматтық авиация күні болып, атаулы күннің даталы мерекелер қатарына енуі 1944 жыл 7 желтоқсанда Чикагода 52 елдің өкілдері Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қол қойды.

1996 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 51-сессиясында қабылданған қарарға сәйкес бұл күн Халықаралық азаматтық авиация күні болып жарияланды.

Жоғарыдағы Конвенция мемлекеттердің азаматтық авиация саласында ықпалдасуына берік негіз салып, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) құрылуына негіз болды. Қазірде осы ұйым құрамында 193 ел бар.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мәліметтері бойынша, әлем бойынша жыл сайын 4 миллиардтан астам жолаушыға әуе көлігі қызмет көрсетіп, әлемдік экономикаға 2,7 трлн. доллар кіріс келтіреді.

ИКАО-ның COVID-19-дың азаматтық авиацияға экономикалық әсеріне қатысты соңғы талдауына сәйкес, жаһандық жолаушылар ағыны 2020 жылы шамамен 60%-ға қысқарған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда жолаушылар санының шамамен 2,7 миллиард адамға азаюына сәйкес келеді. Трафиктің төмендеуі авиакомпанияның жалпы операциялық кірісінің 370 миллиард долларға төмендеуіне әкелді.