Бейжің Олимпиадасына қатысудан тағы бір ел бас тартты

Солтүстік Корея Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.
Кореяның Орталық телеграф агенттігінің дерегінше, Солтүстік Корея билігі қытайлықтарды «керемет және тамаша Олимпиада фестивалін» ұйымдастыруда толық қолдайтынын, бірақ елдегі коронавирустық жағдайға және дұшпандық күштердің әрекетіне байланысты қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын мәлімдеген.
Осылайша Солтүстік Корея қатарынан екінші Олимпиадаға қатысудан бас тартып отыр. Бұған дейін КХДР алғаш рет Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына келуден бас тартқан еді.
Еске салар болсақ, Бейжің Олимпиадасы 2022 жыл 4-20 ақпан аралығында өтеді. Онда 109 медал сарапқа салынбақ.