English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығы ашаршылыққа қарсы күрес үшін берілді
15:24 / 2020-10-09

2020 жылғы бейбітшілік үшін берілетін Нобель сыйлығы БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына (WFP) табысталды


2020 жылғы бейбітшілік үшін берілетін Нобель сыйлығы БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына (WFP) табысталды.

Нобель комитетінің Осло қаласында қабылдаған шешіміне сай, сыйлық «аштықпен күресудегі күш-жігері мен жанжалды аймақтардағы қақтығыстардан зардап шеккен аудандарда тұрмыстық жағдайды жақсартуға және соғыс пен қақтығыстарда аштықты қару ретінде пайдаланбаудың қозғаушы күші ретінде қосқан үлесі үшін» үшін БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына берілді.

«Биылғы табысталған марапатпен Норвегия Нобель комитеті әлем назарын аштықтан зардап шеккен немесе ашаршылық қаупіне тап болған миллиондаған адамдарға аударғысы келеді. 2020 жылы Бүкіләлемге таралған COVID-19 коронавирустық инфекциясы салдарынан бірқатар аймақтарда аштық қаупі артты», - делінген комитет хабарламасында.

Снимок.PNG

2020 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. Бүгінге дейін медицинафизикахимия және әдебиет саласы бойынша жеңімпаздар анықталды. Енді 12 қазанда экономика саласы бойынша жеңімпаздар жарияланады.

Еске салар болсақ, 2019 жылғы бейбітшілік Нобель сыйлығы Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Алиге, Эритреямен шекарадағы қақтығысты шешуге атсалысқаны үшін берілген болатын.