English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Белсенді саяси диалогтардың дәйекті жалғасы
13:20 / 2019-04-15

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың шақыруымен елімізге 14 сәуірде екі күндік мемлекеттік ресми сапармен келді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың шақыруымен елімізге 14 сәуірде екі күндік мемлекеттік ресми сапармен келді.
2.jpg
Жоғары мәртебелі қонақ 15 сәуір күні Көксарайда ресми түрде күтіп алынды. Бұл жайында Өзбекстан Републикасы Президенті Баспасөз қызметі хабарлайды.
3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

Аталған рәсімнен кейін мемлекет басшылары шағын кездесу өткізді.

Президентіміз Қазақстан президентін Өзбекстанға келген сапарымен құттықтап, бұл жағдай алдағы жылдарда белсенді саяси байланыстардың ендігі жалғасы екенін атап өтті. 

7.jpg

-Қазақстан Республикасы Президенті ретінде алғашқы мемлекеттік сапарыңызды Өзбекстанға жасағаныңызды жоғары бағалаймыз. Мұны мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға ұмтылуы деп білеміз. Қазақстан біз үшін жақын көрші, стратегиялық әріптес. Ынтымақтастық жолында барлық салаларда оң серпінге қол жеткізгенімізге ырзамыз, - деді Шавкат Мирзияев

Қазақстан Президенті Өзбекстанға шақырғаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, келіссөздер жемісті болатынына сенім білдірді.

-Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың сапасы мен тәжірибелік мазмұны жайлы сөзіңізге қосыламын. Сіз, Құрметті Шавкат Мираманович, және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсылтан Назарбаев мемлекеттер ортасындағы байланыстарды жоғары дәрежеге жеткіздіңіздер. Мен мұндай қарқынды үрдісті сақтап қалуды өз міндетім деп санаймын. Қазақстанда бауырлас Өзбекстан мен байланысқа талап өте жоғары, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

8.jpg

Келіссөздер барысында президенттер дәстүрлі достық, өзара сыйластық, сенім мен ашық рухта екі жақты қатынастардың негізгі мәселелерін, өзара мүдделілік танытылған өзекті өңірлік және халықаралық проблемаларды талқылап, екі ел арасындағы кеңформатты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен кеңейтудің перспективалары туралы пікір алмасты.

9.jpg

Мемлекет басшылары халықаралық саясаттың өзара мүдделі, маңызды мәселелері бойынша тараптар ұстанымдарының ұқсастығын растады және Орталық Азияның гүлденуі мен халықтарының игілігі үшін тұрақтылық пен қауіпсіздік атмосферасын нығайтуға қолғабыс етуге екі жақтың да ұмтылысын атап көрсетті. Тараптар ШЫҰ, ТМД, АӨСШК мен басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Арал теңізі бассейніндегі нақты бағдарламалар мен жобаларды іске асыру бойынша өңірдегі халықаралық ұйымдар, қаржылық және экологиялық институттармен ықпалдастығын кеңейту арқылы Аралды құтқарудың халықаралық қоры шеңберіндегі ынтымақтастықты жандандыруға өзара мүдделілікті растады.

Аймақта тыныштық пен қауәпсіздікті күшейту, Ауғаныстандағы жағдайды тыныш жолмен шешуге көмек беру мәселесіне де, мән берді.

Келіссөздер барысында аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша тараптардың ұстанымдары бір біріне сәйкес екендігі тағы бір рет расталды.