Беларусь президенті Александр Лукашенко Ryanair ұшағының Минскіге шұғыл қонуы туралы түсініктеме беріп, оның барлық халықаралық ережелерге сәйкес адамдарды қорғап, заңды әрекет еткенін айтты.
«Мен барлық халықаралық ережелерге сәйкес адамдарды қорғап, заңды түрде әрекет еттім. Ұшақ БелАЭСмаңында орналастырылды. Егер кенеттен атом электр станциясының қауіпсіздік жүйелері толық дайын күйге келтірілсе ше?» - деді Лукашенко парламенттегі отырыста.
Оның айтуынша, Ryanair әуе кемесінің экипажы авиакомпаниямен және Вильнюстегі әуежаймен кеңескен, бірақ Минскіге қонуға шешім қабылдағанын да көрсеткен.
Лукашенко ұшақтың бұрылуындағы маневрдің қисынсыз болып көрінетінін мойындады: «Бірақ мәселе мынада: неге басқа әуежайлар ұшақты қабылдамады?»
«Лукашенко: бомба болды ма, жоқ па, бірақ егер олар маған ұшақта террорист бар деп айтса, мен дереу ұшақты қондыруға бұйрық берер едім», - деп қосты өз сөзінде.
Еске сала кетейік, 23 мамырда Грекия астанасы Афинадан Литва астанасы Вильнюске ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы шұғыл түрде Минскіге қондырылды және ұшақ бортында болған Беларусьтағы наразылық шараларын белсенді түрде жариялаған «Nexta» телегарм-каналының бұрынғы редакторы Роман Протасевич қамауға алынған болатын.