English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Башар Асад Сирияда өткен президенттік сайлауда жеңіске жетті
09:32 / 2021-05-28

Сирияның қазіргі президенті Башар Асад елдегі 26 мамырда өткен президенттік сайлаудан кейін тағы жеті жылға сайланды.

Сирияның Халықтық кеңесінің (парламентінің) төрағасы Хаммуда Сабагтың мәлімдеуінше, 2000 жылдан бері Сирияның президенті болған Асадқа сайлаушылардың 95 пайыздан астамы қолдау білдірген.

Жалпы елде дауыс берген 18 миллионнан астам адамның 13,54 миллионнан көбі немесе 95,1 пайызы Башар Асад үміткеріне дауыс берді. Қалған екі үміткер, бұрынғы Халықтық кеңес министрі Абдулла Саллум Абдулла 1,5 пайыз, ал ішкі оппозиция мүшесі Махмуд Ахмад Мари 3,3 пайыз дауыс алған.

Шетелдік бақылаушылар Асадтың сайлауда қиындықсыз жеңетінін айтты. Бұл сайлау 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан кейінгі елдегі екінші президент сайлауы болды. Алдыңғы 2014 жылғы сайлауда Асад та 88 пайыздан астам дауысқа ие болған.

Сирияда президент сайлауы 26 мамырда өтіп, елдегі сайлау учаскелерінің жұмысы «халықтың көп келуіне байланысты» белгіленген уақыттан бес сағатқа ұзартылған еді.