
ӨР Бас прокуратураның ресми ақпартында Қарақалпақстандағы наразылық бойынша сотталған азамат қамауда қайтыс болған туралы ресми мәлімдеме жарияланды.
Хабарға сәйкес, Ішкі істер министрлігіне қарасты Жазаны орындау департаментінің №4 тергеу изоляторында қамауда отырған тұтқын Полат Шамшетов (Қарақалпақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері) кенеттен қайтыс болды.
Сот үкімімен П.Шамшетов ҚК-нің 244-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге лауазымдық қызметте және ішкі істер жүйесінде жұмыс істеу құқығынан айырылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
«Оқиға орнын Бұхара облысының прокуроры, облыстық ішкі істер басқармасының бастығы бастаған жедел-тергеу тобы, сот-медициналық сарапшылар тексерді.
Бұл тексерістерге Олий Мажлистің Адам құқықтары жөніндегі аймақтық өкілінің (Омбудсменнің) Бұхара облысы бойынша өкілі, П.Шамшетовтың адвокаты мен жақын туыстарыда қатысты.
Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», делінген хабарламада.
Сот-медициналық сараптама жұмыс тобының алдын ала мәліметі бойынша, марқұм өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жедел жүрек жеткіліксіздігі салдарынан қайтыс болған.
Қазіргі уақытта Бұхара қалалық прокуратурасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.