English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бас прокуратура кейбір аймақтардағы сайлау заңнамасы бұзылғандығы жайлы мәлімдеме жасады
10:09 / 2019-12-23

Депутаттыққа кандидаттығы ұсынылған азаматтардан өз кандидатурасын қайтарып алуға мәжбүрлеу фактісі тіркелген


22 желтоқсан күні Өзбекстан Республикасының Жоғары Мәжіліс Заң палатасы және халық депутаттары Кеңесіне сайлау өтіп, осы сайлау процесі кезінде орын алған заң бұзушылық жағдайлары әлеуметтік желі беттерінде тараған бейнероликтер мен фототаспалар қызуталқыға түсуіне байланысты Бас прокуратура түсініктеме берді.

Онда, Қашқадария облысындағы «Косон» ауданында болған халық депутаттары кеңесіне депутаттыққа кандидаттығы ұсынылған азаматтардан өз кандидатурасын қайтарып алуға мәжбүрлеу фактісі, Ташкент қаласының «Алмазар» ауданындағы №10, 23 және 142 сайлау учаскелерінің жұмысына заңсыз араласу мен округтік және учаскелік сайлау комиссияларына дауыстарды санау туралы қорытынды хаттаманың нұсқасын толтыру және хаттаманың көшірмесін ешкімге таратпау жайлы заңсыз бұйрық берілуіне байланысты мәліметтер әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды.

Жоғарыдағы келтірілген фактілерге байланысты Орталық сайлау комиссиясы бұл процесті толықтай үйреніп, жағдайдың оң-солын анықтап тексеру үшін барлық мәліметтерді Бас прокуратураға жіберді. Қазіргі уақытта осыған орай арнайы бақылау тобы құрылып, жағдай тексерілуде. 

Еске сала кетсек, «Адолат» СДП кандидатының сенімді өкілі сайлау күні ашықша үгіт-насихатын жүргізуіне байланцысты әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.