English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Барселона» өз алаңында «Ювентус» клубынан ірі есепте жеңілді
03:30 / 2020-12-09

Каталонияның «Барселона» клубы Чемпиондар лигасы топтық кездесулерінің соңғы турында Туриннің «Ювентус» клубын қабылдап ірі есепте жеңіліс тапты.

Ойынның 13 минутында Криштиану Роналду командасын алға шығарып, өзі жасаған пеналтиді голға айналдырды. Арадан 7 минут өткен соң американдық болашақ жұлдыз Уэстон МакКенни екінші голды соғып, жеңіске деген қадамды нықтай түсті. Ал екінші бөлімде төреші Каталониялықтар қақпасына тағы бір рет пеналти белгілеп, Роналду оны голмен аяқтады. Осылайша «Барселона» өз алаңында Туриннің «Ювентус» клубын қабылдап 0:3 есебінде жеңіліс тапты және «G» тобынан екінші орынмен келесі кезеңге жол алды.  

Бүгінгі өткен кездесулердегі қорытынды бойынша «ПСЖ» мен «Истанбул Башакшехир» клубтары арасындағы матчта төртінші төреші румыниялық Себастьян Кольцеску, Истамбул шабуылшысы Демба Ба және түрік командасының жаттықтырушыларының бірі Пьер Вебоны «Қара» деп атағандығының себебінен түркиялық команда шу шығарып, ойынды жалғастырудан бас тартты. Кездесу осы бойынша 0:0 көрінісінде аяқталды.  

Чемпиондар лигасы топтық кездесулерінің соңғы 6-тур ойындар қорытындысы:

Е – тобы

Челси – Краснодар 1:1

Ренн – Севилья 1:3

F  – тобы

Зенит – Боруссия Д 1:2

Лацио – Брюгге 2:2

G – тобы

Барселона – Ювентус 0:3

Динамо К – Ференцварош 1:0

Н – тобы

Лейпциг – Манчестер Юнайтед 3:2

ПСЖ – Истанбул Б 0:0