«Барселона» Еуропада онжылдықтың үздік футбол клубы атанды

Каталонияның «Барселона» клубы Еуропа аймағындағы соңғы онжылдықтың үздік футбол клубы деп табылды. Ал ежелгі қарсылас «Реал Мадрид» екеніші орында.
Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) Еуропа жасыл алаңдарында өнер көрсеткен онжылдықтың үздік клубтарының рейтингін жариялады. УЕФА-ға мүше елдердің 2011-2020 жылдар аралығындағы үздік клубтарға негізделген рейтингте «Барселона» 2877 ұпаймен үздік деп бағаланған.
Ал, Мадридтің «Реал» клубы 2782 ұпаймен екеніші орынға жайғасқан болса, «Бавария» (2594,5) күшті үштікті қорытындылаған.
Еуропа жасыл алаңдарында өнер көрсеткен онжылдықтың ТОП-10 клубтар рейтингі:
4. «ПСЖ» (2357 ұпай);
5. «Атлетико» (2302 ұпай);
6. «Ювентус» (2272 ұпай);
7. «Челси» (2113 ұпай);
8. «Манчестер Сити» (2113 ұпай);
9. «Манчестер Юнайтед» (2020 ұпай);
10. «Арсенал» (2016 ұпай).