English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бангладеште студенттің өлімінде айыпталған 20 адам өлім жазасына кесілді
09:41 / 2021-12-09

Бангладеш соты 2019 жылы Инженерлік және технология университетінің студенті Аброр Фахадты өлтіргендікте айыпталған 20 адамды өлім жазасына кесті.

The Bangladesh Observer басылымының хабарлауынша, сот процесіне 25 айыпталушының 22-сі қатысқан. Олардың жиырмасы өлім жазасына кесіліп, бесеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қалған үш қылмыскер әлі іздеуде.

21 жастағы Аброр Фахад 2019 жылдың 7 қазанында өлі күйде табылған. Ол «Facebook» желісінде үкіметті сынағаны үшін азапталып, кейін өлтірілген болатын.

Осы жағдайдан кейін бүкіл ел бойынша студенттер жас жігіттің өліміне кінәлілерді тауып, жазалауды талап етіп, жаппай шерулер ұйымдастырған еді.