English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БАӘ Өзбекстанда жел электр станцияларын салуға 600 млн доллар инвестиция салмақ
10:18 / 2020-01-20

ЖЭС толықтай 2022 жылы пайдалануға берілмек


Өзбекстандағы алғашқы жел электр станциясын(ЖЭС) Қытайдың «Лиаонин лидер» компаниясы құра бастады. ЖЭС Бұқара облысында салынуда.

БАӘ-нің "Mubadala" инвестициялық холдингіне тиісті «Masdar» компаниясы Науаиы облысында қуаты 400 МВт-ты құрайтын ЖЭС салуға келісім жасады. Инвестициялар минситрлігінде өткен кездесуде, атаулы станция құрылысының жобасына сай барлық (ЖЭС-ті жобалау, қаржы мәселесі, құрылыс және пайдалану) жұмыстарын араб компаниясы жүзеге асыратын болады. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың алғашқы ширенігде басталатын болып, инвестиция көлемі 600 млн долларға бағаланған. ЖЭС толықтай 2022 жылы пайдалануға берілмек.

Қазірде негізгі активтері отын-энергетика, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, металлургия, аэроғарыш т.б. ірі салаларды қамтыған "Mubadala" инвестициялық холдингінің инвестициялық портфолиосы 200 миллиард долларды құрайтын болып, компания осы жобадан сырт Өзбекстанда 100 МВт қуатты күн электр станциясын салу үшін 100 млн долларлық қаржы бөлген.