Бүгін – Дүниежүзілік пошта күні

Дүниежүзілік Пошта Одағының мәліметтері бойынша қазіргі кезде одаққа 192 ел мүше
Дүниежүзілік пошта күні жыл сайын 9 қазанда атап өтіледі. Атаулы күн 1874 жылы Швейцарияның астанасы Берн қаласында Дүниежүзілік Пошта Одағының құрылған күніне орай тойланады. Халықаралық пошта күнін ресми түрде жариялау 1969 жылы Токио қаласында өткен ДПО Конгресінің мінберінде жарияланды.
Дүниежүзілік Пошта Одағының мәліметтері бойынша қазіргі кезде одаққа 192 ел мүше. Халықаралық пошта өз клиенттерінің 6800 тілінде сөйлейді және әлемдегі ең ұзақ пошта жеткізу желісі болып табылады.
Дүниежүзілік пошта күнінің мақсаты - адамдар мен компаниялардың күнделікті өміріндегі пошта саласының рөлін және оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін насихаттау.