Бүгін - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні

Баспасөз бостандығы күні кәсіби міндетін атқару кезінде қаза болған журналистер еске алынып, оларға құрмет көрсетіледі
Бүгін - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні. Айтулы дата 1993 жыл 20 желтоқсан күнгі Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясында қабылдаған арнайы резолюцияға байланысты 1994 жылдан бастап ресми түрде жыл сайын 3 мамыр күнін «Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні» ретінде кеңінен атап өтіледі.
Сонымен қатар осы күнінің арнайы сыйлығы 1997 жылдан бастап өз кәсібінің білгір мамандары мен ұйымдар және мекемелерге табыстау шарасы енгізілген. Ол 1986 жылы осы датада қаза болған колумбиялық журналист Гильермо Кано атындағы «Баспасөз бостандығы ісіне қосқан үлесі үшін бүкіләлемдік сыйлығын» болып табылады. Бұдан бөлек Баспасөз бостандығы күні кәсіби міндетін атқару кезінде қаза болған журналистер еске алынып, оларға құрмет көрсетіледі.