English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының кезекті сессиясы Самарқандта өтеді
16:27 / 2022-11-05

БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының келесі сессиясы 2023 жылы Самарқандта өтетіні белгілі болды.

Бұл туралы, Оманның туризм саласына маманданған «Wejhatt» газетінің сайтында Өзбекстанның қажылық туризмі саласындағы мүмкіндіктері туралы мақалада айтылған.

Жарияланған мақалада оқырманға Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрлігі тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер, елге саяхат жасауға қызығушылық танытып отырған ислам елдерімен орнаған ынтымақтастық және осы салада енгізілген инновациялық шешімдер туралы ақпарат берілген.

«Өзбекстан көптеген елдердің азаматтарына визасыз келу және саяхат жасау мүмкіндіктері бойынша жетекші туристік аймаққа айналуда. 65 елдің азаматтары үшін 30 күндік визасыз кіру және 77 елдің азаматтары үшін жеңілдетілген электронды виза жүйесін енгізу саяхатшыларға қосымша жеңілдіктер беруде», - деп жазады автор.

Сондай-ақ газетада, Хиуа қаласы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер тарапынан «Ислам әлемінің туристік астанасы» болып таңдалғаны, БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымының келесі сессиясы 2023 жылы Самарқандта өтетіні жарияланған.