English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Азия Даму банкі Өзбекстанға 274 миллион долларлық несие бөлді
11:18 / 2020-09-03

Азия Даму банкі Өзбекстанға автомобиль жолдарын жөнге келтіру мақсатында 274,2 миллион долларлық несие бөлгенін мәлімдеді


Азия Даму банкі 1 қыркүйекте Өзбекстанға 274,2 миллион долларлық несие бөлгенін мәлімдеді. Бұл қаржы елдің батыс бөлігіндегі 240 км автокөлік жолдарын жөндеуге және ұлттық жолдар желісінің маңызды нүктелеріндегі қауіпсіздікті арттыруға жұмсалатын болады.

Банк сайтындағы мәліметке сай «Өзбекстан теңізге шығу мүмкіндігі болмағандықтан аймақтық байланысты өзінің көлік саясатының басты элементіне айналдырған. Осы жоба асында елдің экономикалық өсуіне ықпал ете отырып, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы аймақтық көлік-логистикалық хаб ретінде әлеуетін дамытуға көмектеседі», - деген АДБ көлік жөніндегі жетекші маманы Паван Карки.

Жоба шеңберінде Қарақалпақстандағы Гузар-Бұхара-Нүкіс-Бейнеу автожолының 240 шақырымдық бөлігі екі жолақты цемент-бетонды жолға, сонымен қатар ауылдарды магистралмен байланыстыратын ішкі жолдарда қайта жаңартылады. Бұл магистраль аймақтағы маңызды сауда жолдарының бірі болып табылады және Орталық Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық (ОААЭЫ) бағдарламасының 2-дәлізіне кіреді.