English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазан қаласында «өзбек киносының күндері» өтеді
18:21 / 2020-10-29

2020 жылдың 4-6 желтоқсан аралығында Татарстанның Қазан қаласында «Өзбек киносының күндері» өтеді

Атаулы іс-шара барысында «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің тапсырысы бойынша таспаланған «101», «Сумбул» және «Парвоз» көркем фильмдері көрерменге жол тартпақ. 

«Өзбеккино» ұлттық агенттігінің хабарлауынша, «өзбек киносының күндерінің» алғашқы премьерасында көрсетілетін «Сумбул» фильмі Өзбекстан мен Татарстан режиссерлері Рашид Маликов пен Рамиль Фазлиев түсірген. «101» көркем фильмі (режиссері Хамидулла Гасанов) Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 101 өзбек жауынгерінің қаһармандық және қайғылы тағдырын баяндаса, «Парвоз» фильмі (режиссері Ильхом Мухаммедибрахимов) жас жігіт пен қыздың адал махаббаты, айналасындағы қорлық пен сатқындыққа айналған достық туралы сыр шертпек.