English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан елшілігі президенттік сайлау алды брифинг өткізді
14:44 / 2019-05-23

Өзбекстан Республикасындағы Қазқстан Республикасы елшілігі Қазақстанда өтетін президенттік сайлауға байланысты БАҚ өкілдерімен шағын кездесу өткізді.


23 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы Қазқстан Республикасы елшілігі Қазақстанда өтетін президенттік сайлауға байланысты БАҚ өкілдерімен шағын кездесу өткізді. 

Кездесуде, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды журналистер алдында ең алдымен, Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізіп, ел болып қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында тоқталып, заманауй және прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруда оның үлкен орны бар екендігін атап өтті.

Қазақстанда 9 маусым күні өтуі белгіленген президенттік бұл кезгі сайлау, өткен сайлаулардан түбегейлі ерекшеленеді. Үміткерлерде көп және әр бірінің өзіне тән идеяларымен бәсекеге қабілеттілігі тәуелсіз Қазақстан тарихында орын алар ең мықтысы болмақ. 

img_4324.jpg-elchikhona-kaz.jpg

Осылайша, белгіленген тәртіптің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне 7 кандидатты тіркеген.

1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды.
2. Сәді-Бек Түгелді «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы ұсынды.
3. Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы» ұсынды.
4. Дания Мәдиқызы Еспаеваны «Ақ жол «Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды.
5. Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды.
6. Жамбыл Әужанұлы Ахметбековті «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды.
7. Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты «Ұлт тағдыры» ұлттық патриоттық қозғалысының қоғамдық бірлестігі ұсынды.

Қазақстанда қазіргі кезде президенттікке үміткерлер арасында сайлау алды үгіт-насихат кезеңін бастаған. Мұндағы өтетін президенттік сайлауды бақылауға халқаралық ұйымдар тарапынан 1000-ға жуық өкілдер келетін болады. 

2019 жыл 9 маусым күні Ташкент қаласы Зулфияханым көшесінде орналасқан Қазақстан елшілігі ғимаратында Өзбекстандағы Қазақстан азаматтары үшін 267-сайлау участкесі жұмыс істейді. Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат таңғы 7.00 ден 20: 00 ге дейін жалғасады.