«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды

Бундеслиганың «Айнтрахт Франкфурт» клубы Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.
Испанияның Севилья қаласында өткен Еуропа лигасының финал кездесуінде «Айнтрахт» шотландтық «Глазго Рейнджерс» клубын пенальтилер сериясында жеңіп, келесі маусымда Чемпиондар лигасының жолдама алды.
Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебінде тең аяқталды. Қосымша таймдарда да гол соғылмады. Пенальтилер сериясында неміс клубы 5:4 есебінде жеңіске жетті.
Осылайша «Айнтрахт» клубы өз тарихында Еуропа лигасының екі дүркін жеңімпазы болды. Клуб алғаш рет 1979/1980 маусымында турнир чемпионы атанған.