Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында атыс болды
6 қыркүйекте Ауғанстан мен Пәкістанның шекарашылары арасында атыс болды.
Aamaj News агенттігінің хабарлауынша, атыс Торхам бақылау-өткізу бекетінің маңында болған. Салдарынан Талибанның 4 өкілі қаза тауып, 10-ы жарақат алған.
Хабарда айтылуынша, қақтығысқа ауғандықтардың көрші мемлекеттің аумағында бекіністер салу әрекеті себеп болған. Алдымен Пәкістан жағы оқ жаудырған. Осы жағдайдан кейін бақылау бекеті арқылы көлік қозғалысы тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында Ауғанстан мен Иран арасындағы шекарада үлкен қақтығыс болған еді. Атыс кезінде екі ирандық шекарашы мен бір талибан содыры қаза тапқан еді.