Ауа-райы: Салқын күндер жақындап келеді

Республикалық Гидрометеорология орталығының ұсынған 1-4 қазан күндері аралығындағы Өзбекстан аумағында болатын ауа-райы болжамы
Республикалық Гидрометеорология орталығы 1-4 қазан күндері аралығындағы Өзбекстан аумағында болатын ауа-райы болжамын ұсынды.
Қарақалпақыстан Республикасы және Хорезм облыстарында ауа температурасы өзгеріп тұрады, жауынгершілік болмайды. Шығыстан самал бағыты өзгеріп, батыстан 7-12 м/с жылдамдықта есіп, кешкі уақытта 6-11 дәрежеде жылы болады. Күндіз 1-2 қазан күндері 15-20 болса, 3-4 күндері 18-23 дәреже ыстық болады.
Бухара, Науаиы облыстарында жауынгершілік болмайды, ауа температусы кешкі уақытта 8-13 дәрежеде жылы. Күндізгі уақыт 1-ші қазанда 18-23 жылы болса, 2-4 күндері 20-25 дәреже ыстық болады.
Ташкент, Самарқанд, Жыззақ және Сырдария облыстарында ауа-райы аздап бұлтты болады, жауын жаумайды. Кешкі уақытта 8-13 дәрежеде жылы болса, күндізгі кезде 1-ші қазанда 18-23 дәрежеде жылылық байқалса, 2-4 күндері 20-25 дәреже ыстық болуы күзетілген.
Қашқадария, Сұрхандария облыстарында ауа-райы аздап бұлтты болады, жауын жаумайды. Кешке 11-16 дәрежеде жылы болады. 1-2 қазан күндері күндізгі уақытта 22-27 дәрежеде ыстық болса, 3-4 күндері 20-25 гардусқа дейін төмендейді.
Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында ауа температурасы өзгеріп тұрады,1-2 қазанда кейбір аймақтарда жауын-шашын болады. 3-4 күндері жауын жаумайды. Ауа-райы түнде 8-13 градусты жылы болса, күндіз 1-2 қазанда 18-23 дәрежеде ыстық болады. 3-4 күндері 20-25.
Республиканың таулы аймақтарында ауа-райы бұлтты болады, уақты-уақтымен жаңбыр жауады. Ауа температурасы кешке 5-10 градус, күндіз уақытта 13-18 дәрежеде жылы болуы күзетілген.