Ауа-райы болжамы: Бұл апта күн жылы болады

Республикалық Гидрометеорология орталығының хабарлауынша бұл апта Өзбекстан аумағында ауа-райы жауын-шашынсыз өтетіні айтылған
Республикалық Гидрометеорология орталығының хабарлауынша бұл апта Өзбекстан аумағында ауа-райы жауын-шашынсыз өтетіні айтылған.
Ергеңнен бастап республика аумағында апта бойы сақталған суық ауа ағымы антициклон, Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағына ығысуына байланысты ел аумағында күннің жылуы байқалады. Тек бүгінгі ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ферғана аңғарында орналасқан аймақтардың кейбір аумақтарында аздап нөсер болып, таулы жерлерінде қар ұшқындауы мүмкін. Күндізгі уақытта температура 5-10 дәрежеге дейін көтеріліп, кешке 0-5 ке дейін төмендейді.
Аптаның сейсенбі күнінен бастап соңына дейін республиканың барлық аймақтарында жауын байқалмайды. Аздаған тұман түсуіне байланысты таңертең және кешкі уақыттарда атыраптың көрінісі сейілуі мүмкін.