Ауа-райы болжамы: Бұл апта қар жауып тұман түседі

Республикалық Гидрометеорология орталығының хабарлауынша бұл апта ішінде Өзбекстан аумағында ауа-райы ылғалды болады
Республикалық Гидрометеорология орталығының хабарлауынша бұл апта ішінде Өзбекстан аумағында ауа-райы ылғалды болуы айтылған.
«Узгидромедтің» хабарлауынша,7 қаңтарда Ташкент, Самарқанд, Жыззақ, Сырдария және Ферғана облыстарында тұрақсыз ауа-райы сақталып, жаңбыр, қар жаууы мүмкін. Ел аумағының басқа облыстарында жауын жаумайды. Ауа температурасы кешке - 2 мен + 3 аралығында болса, күндізгі кезде 0 – 5 көрсеткіште жылы болады.
8 – 9 қаңтар күндері ауа-райы ашық болып, жауын жаумайды. Бірақ антициклонның әсерінен температура түнде 3-5 градусқа дейін төмендейді. Күндізгі уақытта 7-12 градусты жылы болады.
Ал, 10 қаңтар күні суық ауа ағымы Өзбекстан аймағынан жылыстап, түнгі кезде 0-2 градусты суық болса, күндізгі кезде 7-12 температурада жылылық байқалған. Таулы аймақтарда тұман түсіп, қар жаууы мүмкін.