English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Астанада Өзбекстан мәдениеті күндері өтеді
11:10 / 2022-11-11

Қазақстанның елордасы Астана қаласында «Өзбекстан мәдениеті күндері» өтеді.

Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының баспасөз орталығында өткен брифингте Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі О.Назарбеков мәлімдеді.

«Бүгінде Ұйымға мүше және бақылаушы елдермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастық қарым-қатынастары белсенді дамып келеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасымен екі елдің аумағында мәдени күндерін өткізу жақсы дәстүрге айналды. Осы жылдың 21-25 қарашасында Астана қаласында «Өзбекстан мәдениеті күндерін» ұйымдастыру жоспарланған», - деді О.Назарбеков. 

2023 жылы Өзбекстанда «Қырғыз мәдениеті күндерін», Қырғызстанда «Өзбекстан мәдениеті күндерін» ұйымдастыру көзделген.

Түрікменстанмен қарым-қатынасымыздың жылдан-жылға дамып келе жатқанын атап өту орынды. Осы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында 2022 жылдың 16-17 қарашасында Түркіменстанның Дашовуз қаласында өзбек және түркімен халықтарының достығы фестивалін өткізу жоспарлануда.

Жақында Түркияның Бурса қаласында Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы – ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 39-шы отырысы өтті. Бұл жиында түркі елдерінің мәдени саласының болашағы үшін өте маңызды шешімдер қабылданды.

ТМҰ саммиті аясында Мәдениет министрлігімен 6 мәдени шара өткізу жоспарланған. Оларға 300-ге жуық жергілікті және 70-тен астам шетелдік өнерпаздар шақырылған. Сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мемлекеттердің фольклорлық топтары қатысуы жоспарланған.