English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Арал теңізі мен аумағы жағалауында орманды алқап отырғызу аймағы белгіленді
16:06 / 2020-12-06

Өзбектан Президентінің 6.10.2020 жылғы «Өзбекстан Республикасында орман шаруашылығын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде, 2021 жылы Қарақалпақстан Республикасы мен облыстарында «Жасыл жамылғы» құру көлемі белгіленді.

Осыған орай Министрлер Кабинетінің «Республика аумағында, сондай-ақ Арал теңізі мен Арал маңында «Жасыл жамылғы» ормандар құру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысы қабылданды. 

Қаулыға сай 560 мың гектар аймақтың 375 мың гектарына орман ағаштары отырғызылатын болып, Қарақалпақстан Республикасы мен Арал теңізінің құрғақ аудандарындағы Хорезм, Бұхара және Науаи облыстарының аумағындағы 172 мың гектары мен басқа аудандардағы орман қорының таулы, аңғарлы және тоғайлы жерлеріне 13 мың гектар алқапқа ағаш отырғызылады.

Орман өсіруге қажетті қосымша жер учаскелері тұрақты пайдалану құқығының негізінде мемлекеттік орман қорына беріледі.