
Өзбекстанды діни бостандық жайлы «Арнайы бақылаудағы елдер тізімінен» (Special Watch List) шығарылғаны жарияланды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның мәлімдемесінде діни бостандық адамның ажырамас құқығы екендігі айтылып, осыған қатысты алаңдаушылық тудыратын елдер «Арнайы бақылаудағы мемлекеттер тізіміне» жаңадан енгізілгендер айтылған. Алайда, «бөлісуге оң өзгерістер де бар» екендігіде деп атап көрсетілген.
«Өткен жыл барысында Өзбекстан үкіметінің айтарлықтай және нақты жетістіктеріне сүйене отырып, Өзбекстанды арнайы бақылау тізімінен шығарылғанын қуана хабарлаймын. Өзбекстанның заңдары мен батылдығы іс жүзінде басқа ұлттарға үлгі болды» делінген хабарламада.
Айта кету керек, Өзбекстанның діни бостандықты қамтамасыз етудегі жетістіктері мойындалып, 2018 жылы ерекше алаңдаушылық тудыратын елдер тізімінен шығарылды. Өзбекстан бұл «қара тізімде» 2006 жылдан бері бар болатын.
Хабарламада айтылуынша, АҚШ діни бостандықтың бұзылуына байланысты ерекше алаңдаушылық білдіретін елдер қатарына Тәжікстан мен Түркіменстанды қосқаны айтылады.
Атаулы тізім қатарында Бирма, Иран, Қытай, Солтүстік Корея, Нигерия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Эритрея кіреді. Бұл елдер 1998 жылғы «Халықаралық діни бостандық туралы» заңға сәйкес «діни бостандықты жүйелі және өрескел бұзу» салдарынан ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, деп мәлімдеді Мемлекеттік департаменттің бастығы.