АҚШ Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін 50 миллиард доллар бөледі

АҚШ БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 50 миллиард доллар бөледі.
Бұл туралы АҚШ вице-президенті Камала Харрис бейсенбіде Польша президенті Анджей Дудамен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Бүгін біз сонымен бірге БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы гуманитарлық көмекке тағы 50 миллиард доллар бөлетінімізді жариялаймыз», - деген ол.
Бұған дейін АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Украинаға әскери және гуманитарлық көмекке 13,6 миллиард доллар бөлуді көпшілік дауыспен мақұлдаған болатын.