
АҚШ Украинаға алғашқы екі NASAMS зениттік-зымырандық кешенін тапсырды.
Бұл туралы NASAMS өндірушісі, американдық Raytheon Technologies компаниясының бас директоры Грег Хейс CNBC телекомпаниясына берген сұхбатында мәлімдеген.
«Біз жақында екі NASAMS жүйесін жеткіздік. Қазірдің өзінде олар Украинада орналастырылуда", - деген Raytheon Technologies бас директоры.
Хейстің айтуынша, АҚШ билігі екі NASAMS әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін Киевке жеткізуді мақұлдады, бірақ Patriot әуе қорғаныс жүйелерін емес. Ол олар бойынша келіссөздер жүйелі түрде жүргізілетінін, бірақ соңғы шешімді Ақ үйде қабылдайтынын атап өткен.
Еске салар болсақ, NASAMS әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін 12 ел, соның ішінде АҚШ, Норвегия, Финляндия, Испания, Нидерланды, Оман, Лита, Индонезия, Австралия, Катар, Венгрия және тағы бір аты аталмаған мемлекет қолдана алады.